Сейдеш Ботакөз Болатбекызы

Директор
Ұлт қатарлы ұлы тұлға - Әлихан Бөкейхандай атамыздың атын арқалаған білім ұясының ресми парақшасына хош келдіңіздер!
Ұранды елдің ұлылары: ”Тіршілік - бәйге. Жүйрік-алар, шабан-қалар, - демеп пе еді әл - мисақтан.
Білімге сусаған өнегелі ұл - қызымызды жылы ниетімізге шомылдырып, солардың кеуде қуысына ізгіліктің шамын жақсақ , көл - көсір өнеге де, телегей - теңіз тәрбие де сол, - деп білеміз.
Қонысы құтты, іргесі мықты, сенімі бір,бірлігі берік, жүрегі нұрлы, мінезі жылы ұлы халықтың ұрпағына білім нәрін беру-бізге ұлы міндет әрі абырой.
Мектебіміздің ұстанымы:
Қазақ руханиятының құлагері, Ақтаңдақ Алаштың ақтаңгері
Әлихан Бөкейхандай атамыздың атын ұрпақтан-ұрпаққа аманат етіп аман-сау қалдыру, өшкенімізді жаңғыртып-өлгенімізді қайта тірілту…
Өткіздік талай сәби таңдарды,
Қари тауларды тарих аударды
Атамекен, -деп атылып кеткен
Ұмытпа қазақ, Әлихандарды…
Шаңырағыңды уыққа қажап
Тәуелсіз болдың, құрықтан азат
Арыстарыңды, Арыстаныңды
Ұмытпа қазақ, Ұлықта қазақ.